Қызылордада экспортты дамыту бойынша оқу-семинары өтті
Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында отандық өндірісті қолдау және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған оқу-семинары өтті. Семинарды облыс әкімінің орынбасары Н. Аманқұл ашып, өңірдегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сыртқы нарықтарға шығуын қолдау — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін, бұл үдерісте “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Оқу-семинары аясында Түркиядан арнайы келген сарапшы Неджметтин Өнер сыртқы нарықтарға бейімделу және өнімді жаһандық деңгейде ілгерілетудің озық стратегияларымен бөлісті. Сонымен қатар, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ мамандары өңделген өнім экспортын ұлғайту мен мемлекеттік қолдау құралдарын таныстырды.
Практикалық маңызы жоғары семинарға жергілікті кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен даму институттарының 100-ден астам өкілі қатысып, өнімді сыртқы нарықтарға өткізу мүмкіндіктері, экспортқа шығу кезіндегі шығындардың бір бөлігін мемлекет тарапынан өтеу (субсидиялау) тәртібі және жеңілдіктер алу тетіктері кеңінен талқыланды.









