Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атанши тойы – өткенге құрмет, ұрпаққа өнеге

Атанши тойы – өткенге құрмет, ұрпаққа өнеге

Арал ауданының мал шаруа­шы­лығында қомақты орны бар елді мекен - Атанши ауылы бола­тын. Елімізде қой шаруашылы­ғын қарқынды дамыту бағдарла­масына байланысты өткен ғасыр­дың 1976 жылы құрылған "Жің­іш­кеқұм" кеңшарының №1 фер­ма­сы осы жерге орналасты. Ау­дан орталығынан өте шалғай жат­қан тұста қой басын өсіру үшін жүздеген дала еңбеккерлері - шопандар, механизаторлар, мал мамандары өлшеусіз еңбек сіңір­ді. Елдің ырыс-байлығын тасыт­ты. Құлашын кеңге жая бастаған ферма алайда 1990-жылдардың аяғындағы өтпелі кезеңдегі қи­ын­дыққа тап болды: қой өсіру кең­шары жабылып, Атанши ауылының тұрғындары, малшы­лар аз жылда көтеріле көшіп кетті. Түтіні түзу шығып тұрған ауылдың жұрты ғана қалды.
Жан-жаққа үдере көшкен атан­шиліктер бүгінде еліміздің түрлі аймақтарында тіршілік қамын түзеп жүріп жатыр. Қазақ баласына ең қадірлі, қасиетті құн­дылық - атақоныс, туған жер екендігі мәлім. Енді міне Атанши ауылының байырғы тұрғында­ры, олардың жаңа буын ұрпақ­тары жер-жерден жиналып бас қосып, дүниеден өткен ата-әже, әке-аналарға тағзым етіп, туған ауылды еске алып, сонау жыл­дар­ды еске алуға ниет еткен екен. Оған басты бір себеп  - 1976 жы­лы №1 Атанши фермасының құрыл­ға­нына 50 жыл болуы еді. Жарты ғасырлық мерейтойды атап өту - қай-қайсысының да жүректеріндегі сағыныштың шалқар толқынын басу болатын. Сөйтіп биылғы жылдың басында үлкендердің кеңесінен соң ұйым­дастыру тобы құрылып, жедел іске кірісті. Бұл тіршілік ауаны­мен жүрген жандарға оңай емес-тін. Бірақ туған жерге деген ма­хаббат олардың тынымсыз қар­е­кет етуіне мүмкіндік туғыз­ды.
Енді міне, тамыз айының ор­тасында арғы жағы Астана, Ал­маты, Ақтау, Тараз, Ақтөбе, Қызылордадан ағылған кешегі атаншиліктер Арал қаласында бас қосты. Әуелгі күні Арал ау­данының мешіті жанындағы асханада дүниеден өткен мар­құм­­дарға құран-қатым жасалып, ас-садақа берілді. Кешегі ауыл­дың мамандары, асыл аналары, олардың ғұмырлық өнегелері естелік ретінде айтылды. Ал­дыңғы толқынның ел ризығын жасау жолындағы ерен еңбектері аталып өтті. Ғибратты жандар­дың шежірелі суреттері бейне-ролик арқылы көрсетілді. Сағ­ынысқан жандар дидарласып, әңгімелерінде ондаған жылдар бедерінде қалған қызықты шақ­тарын еске алысты, отбастар­ын­дағы жақсы жаңалықтарымен бөлісіп жатты.
Сол күні кешке сырттан ат арытып келген жерлестерге Шижаға ауылы жанындағы Ақ­құм орталығында ұлттық дәс­түрмен қонақасы берілді.Туған жерге сағынысып жеткен жер­лес­тер үшін бұл мерейлі кеш болды.
Атанши ауылының 50 жыл­ды­ғына арналған мерекелік сал­танат қаламыздағы "Нұрай" мей­рамханасында аталып өтті. Көр­кем безендірілген бильборд ал­дында ауылдастар суретке түсіп, тиісті орындарына жайғасты. Мерекелік кешті шараны ұй­ым­дастыру тобының төрағасы, бел­гілі азамат Әділхан Дәрім­бет­ов құттықтау сөзімен ашты.
-Атаншиде туып-өскен аза­маттардың бәрі де еліміздің түк­пір-түкпірінде еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеп, абыройлы боп жүр. Бұл елу жылдық мерейтой - болашаққа аманат, кейінгіге өнеге. Ардақты ағаларымызды еске алу, №1 ферманың жемісті жылдарына құрмет. Бұл күн - бәріміз үшін ерекше күн, есте қаларлық күн. Бұл - жерлестеріміз­дің ауызбіршілігінің көрінісі,-деді ауыл ағасы Әділхан.
Дастархан батасын еңбек ар­дагері, сексеннің сеңгіріне көте­рілген абыз қарт Қибадулла Жолдасов берді.
"Жіңішкеқұм" кеңшарының 1996-1999 жылдарғы директоры қызметін атқарған Сахитжан Керимов өз сөзінде нарыққа көшу кезеңіндегі мал шаруашылы­ғында болған қиыншылықтарды айтып, жайлы қоныс Атаншидің алдағы уақытта қайта түлейтініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қазбек Аяпов, Қуандық аға, Атанши, Жің­ішкеқұм, Аманөткел ауыл­дық округтерінің әкімдері Мұқ­ан­серік Әлішев, Еркін Ізбасаров, Қайрат Абдраманов өздерінің құттықтау лебіздерін жеткізді.
Денсаулығына байланысты мерекелік шараға қатыса алмаған, кезіндегі №1 ферма басқарушы­сы қызметін атқарған, Арал ау­данының Құрметті азаматы Шын­далы Абдраманов өз сөзін бейне-ролик арқылы жеткізді. Атанши ауылының, қой фермасы­ның дамуына өлшеусіз үлес қос­қан ол еңбек еткен жылдары, ең­беккер әріптестері туралы ойын шын көңілімен жеткізді.
-Атанши - нағыз құт қонған, мал өсіретін адамдарға өте кере­мет, жайлы жер. Жезқазған облы­сынан уақытша пайдалануға ал­ынған жер болғанымен, Арал ауданы әлі пайдаланып келеді. Осы жақсы жайылымдылық жер­дің арқасында Атанши фермасы "Жіңішкеқұм" кеңшарының 60 пайыздан астам малын өсіріп, кеңшардың барлық көрсеткішін алға сүйреген ферма болды. Оған уақытысында басшылық тарапы­нан көп қолдау болды.
1982-1988 жылдары Атанши фермасына жаңадан 30-ға жуық үй көшіп келді. Жүз балаға ар­налған мектеп үйі, қырық балалық интернат салынды. 72 шақырым­ға электр желісі тартылды. Теле­мұнара салынып, тұрғындар теледидар көруге қол жеткізді. Арал­дан аптасына 4 рет ұшып келетін ұшақ қатынасы жолға қойылды. Ең бастысы, халық осында тұрақ­талып, іргелі шаруашылыққа, тұрақты елді мекенге айналды.Атанши ауылының дамуына, елдің әлеуметтік жағдайының жақ­саруына ерекше үлес қосқан еңбек адамдары еш уақытта ұмы­т­ылмайды.
Құлмағанбетов Бозғұлан, Ибраев Сағымбай, Қара­жанов Елемес, Баймырзаев Тоқ­ты­қара, Жолдасов Қибатулла, Нұр­ым­бетов Марат, Жилібаева Бағира, тағы басқалар сон­ау "Құланды",  "Қа­ра­құм" кең­шар­ларынан бас­тап, Атаншидің ір­ге тасын қалаған адамдар болатын. Кейіннен Қаратаев Жантілеу, Жүн­дібаева Мария, Ізбасханов Ашықбай, Махашов Әділ, Дармағанбетов Жұбатқан, Абдраман­ов Ағыбай, Ербатыров Серікбай, Садықова Ғалия, Садықов Мал­каж­дар, Оразалы Домбаевтар әу­леті, малшылар Рахманов Кенже­бай, Бершімбаев Бурабай, Елеу­сізов Күнтуған, Берденқұлов Қон­ыс, Жолшораев Жақсылық, Ах­метов Алмат, Әубакиров Әмірхан, Мұсаев Жаңабай, Жарболов Хан­гелді, Серғазиев Талғат, Өмір­алиев Әкім, Ерниязов Кенжеғали, тағы басқа азаматтардың өлшеусіз еңбегі аталуы қажет деп білемін,-деп өз құттықтауын жеткізді Шындалы.
Мерекелік кешті аудандық мәдениет орталығының әншілері әсем әуендермен әрлеп отырды.
Атанши ауылының жарты ғасырлық мерейтойын Арал ауда­ны әкімшілігінің атынан аудан­ындық Мәдениет бөлімінің бас­шысы Алмасбек Молжігітов құт­тықтап, аудан басшысының ыс­тық ықыласын жеткізді.
Мерекелік шараның көркін келтірген жай - тарих қойнауын ақтарып жазылған "Атанши" кіта­бының тұсаукесері болды. Алма­ты­ның "Арна" баспасынан шық­қан 306 беттік бұл жинақтың авторы - Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Ерғали Абдулла. Сегіз бөл­імнен тұратын кітапта ауыл тарихы, ферманың дамуы, елді мекен мен ферма басшылары, басқа да салалар мамандары тура­лы жан-жақты жазылған. Туған жердің еңбекқор мамандары ту­ралы баспасөзде жариялаған мақалалар топтастырылып, дала дарабоздарының өмір деректері суретімен берілген.
Кітаптің тұсаукесерінде ав­тор осынау дүниені жазудың мақ­саты, оның болашақ ұрпақ үшін құндылығын айтып өтті. Тусау­кесерге бұрынғы кеңшар, ферма басшылары, ауыл әкімдігі, байыр­ғы шопан, механизаторлар қатыс­ты. Мұнан соң "Атанши" кітабы барлық атаншиліктер мен қонақ­тарға таратылып берілді. Ауыл­дас­тар ауыл тарихы тереңдеген жинақты қызыға парақтап жатты.
Кештің тағы бір мерейлі сәті - "Атанши ауылы. 50 жыл" мереке­лік медалін ауылға әр саладан еңбек сіңірген азаматтарға, осы­нау мерейтойды жоғары деңгейде ұйымдастырған жас буынның кеуделеріне тағу салтанаты бол­ды.
Ағынан жарылған ақ тілектер тоқтаусыз айтылып жатты. Әрбір сөйлеушінің сөзінен ауылға деген сағыныш лебі есіп тұрғандай әсер қалдырды. Және де сөз кезегі ти­ген жерлестер ұйымдастыру тоб­ын­да белсене жұмыс істеген Алла­шүкір Нұрымбетов, Майра, Лиза Көптілеуовалар, Жақсыбай Қыз­ыл­баев, Қадірхан Балапанов, Арыстанбек Жолдасовтарға айтар алғыстарын жаудырды.
Сондай-ақ атаншиліктер Арал ауданы әкімі қызметін атқарған тұлғалы қайраткер Алшыбай Баймырзаев, заң қызметкері Гүлсара Нұрымбетованы, архив саласының саңлағы Ләззат Жолдасова, білім саласында басшылық қызметтер атқарған Жомарт Әбдіраманов, Жеңіскүл Исаева, Жайлаухан Махамбетов, Гүлжайна Дәрімбетова, мемле­кеттік қызметкерлер Жасұлан Қаратаев, Ербол Садықовтарды мақтаныш тұтады.
Осы елу жылдың мерейтой аясында Атанши өңірінің гегра­фиялық картасы жасалды, жергі­лікті баспасөзде, әлеуметтік желі­лерде ондаған мақалалар, посттар жарияланды. Туған жерге деген сағыныштан  Майданбай Байжановтың "Атаншиім - асыл мекенім", Ержеңіс Жалпақовтың "Атанши - ауылым", "Ауылды сағынғанда" атты ғажайып әндері туындап, сахналарда орындалды, бейне-роликтер жасалып, тындар­ман­дар­дың көңілін баурап алды.
Мерекелік салтанат барыс­ында ауыл ақсақалдары мен үл­кендеріне, ардақты аналардың иықтарына шапан жауып, кам­зол кигізілді. Алыс-жақыннан келген барша жерлестерге есте­лік сыйлықтар үлестірілді.
Көптің көмек, қолдауымен жасалған мерейлі мерейтойға дәулетті жерлестер тарапынан демеушілік те жасалғаны - шара деңгейін асқақтатып тұрды.
Бүгінде барша атаншиліктер жүрегіне сызат боп қалған жай - Атанши ауылының жойылып кетуі екені рас. Алайда құнарлы да малға жайлы өңір біздің жер­лестеріміз үшін берекет пен бай­лықтың көзі боп келеді. Атанши өңірінен қазір Сексеуіл-Жезқаз­ған теміржолы өтіп, "Мың бала" бек­еті жергілікті малшылар мен шаруа қожалықтарының жан-жақпен қатынасын жақсартып, жер шалғайлығын жойып, ар жақ, бер жақты жақындатып отыр.
Ауыл жойылғанымен де, сол өңірдегі құтты қыстауларда, мал баздарында төрт түлікті түлетіп отырғандар жетерлік. Міне, ата кәсіпті жалғастырып отырған еңбекшілер елдің мал шаруашы­лығына елеулі үлес қосуда. Олар - Әділхан Дәрімбетовтің "Ақ-Бота" шаруа қожалығы «Бота» базында, "Мың бала" бекеті маң­ында Қоныс Берденқұлов, Жақ­сы­бай Қызылбаев, «Әли» баз­ында Қадірхан Балапанов, Атаншидің басында Бостандық Жалпақов, «Жиде» базында Қам­­бар Қуандықұлы мен Бере­кет Есенжолов, «Қалағай» баз­ын­да Асылбек Ибраев, «Ағы­тай» базында Фазылбек Ибраев, «Көкқабақ» базында Күнтуған Қонысбайұлы, Әділбек Ибраев­тар төрт түлігін жайлатып отыр.
Атамекен жұртының торқа­лы тойына келгендердің бірі, бүгінде астаналық Қуан Қалпа­қов. Кезінде №1 фермада мал дәр­ігері, кейін "Жіңішкеқұм" кеңшарының бас мал дәрігері болған білікті азамат осы шараға көңілі толып:
-Ұзақ жылдар еңбек еткен жерім Атаншиді әрқашан есіме алып жүремін. Малшылар қауы­мымен етене араласа жүріп, мал шаруашылығын дамытуға маң­дай терімізді төктік. Қазір зей­неткермін. Осынау шарада көп жыл жүздеспеген қаншама аға-апаларымыз бен замандастар­ымызбен сағыныса кездестік. Бай­қоңырдан келген  Құлбарақ Ибраев, Қызылордадан келген Құдайберген Мырзамбетов, сон­дай-ақ Қоныс Берденқұлов, Бек­болат Мусаев, Ұзайыр Қара­таев, тағы басқалармен өткен күндер естеліктерін бөлісіп, бір жасап қалдық,-дейді риза пейіл­мен.
Иә, Атанши ауылының  дүб­ір­леп өткен керемет мерейтойы - ел бірлігінің шынайы көрінісі болып, өткенге құрмет рухында өтіп, ұрпаққа өнеге болып қал­ды.
Е.Зейнетұлы.
21 тамыз 2026 ж. 195 0