Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем, Азия чемпионаттарының жүлдегері Асхан Заңғар таңдау жасады

Әлем, Азия чемпионаттарының жүлдегері Асхан Заңғар таңдау жасады

Жаңақорған кентіндегі №335 сайлау учаскесінде жамбы атудан Әлем, Азия чемпионаттарының жүлдегері және Қазақстан чемпионы Асхан Заңғар Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.
Ел намысын халықаралық додаларда абыроймен қорғап жүрген жас спортшы үшін азаматтық белсенділік пен ел болашағына бейжай қарамау үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Ол сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, қоғамның саяси өміріне үлесін қосты.
– Әрбір азаматтың өз таңдауы бар. Сайлау елдің ертеңіне деген көзқарасымызды білдіретін маңызды мүмкіндік. Спортта ел намысын қорғау қандай жауапкершілікті талап етсе, азамат ретінде ел болашағына қатысты шешім қабылдау да сондай жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан бүгін өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жастарға мүмкіндік көп болып, Қазақстанымыздың көк байрағы биікте желбірей берсін, – деді чемпион.

#ЖаңақорғанАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#Сайлау
23 тамыз 2026 ж. 58 0