"Алтын алқа" иегері таңдау жасады
Бекбауыл ауылындағы №10 сайлау учаскесінде сайлаушылардың белсенділігі байқалуда. Ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіруге келген тұрғындар заң талаптарына сәйкес өз таңдауларын жасап жатыр.Солардың қатарында ауыл тұрғыны, көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Гүлнұр Телеуова да бар. Ақ жаулықты ана сайлау учаскесіне арнайы келіп, өзінің азаматтық борышын орындап, дауыс берді.
Елдің ертеңі мен ұрпақтың болашағына алаңдайтын ана үшін әрбір сайлаудың маңызы зор. Ол өз таңдауын жасап, елдің тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты жолындағы оң өзгерістерге сенім білдірді.
– Сайлау – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Сондықтан өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындауды жөн көрдім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Гүлнұр Телеуова.
Сайлау – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқан. Әрбір азаматтың берген дауысы – ел болашағына деген көзқарасы мен жауапкершілігінің көрінісі. Бекбауылдықтар да өз таңдауларын жасап, елдік іске өз үлестерін қосуда.









