Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлікті жалған мемлекеттік белгі тағып басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Көлікті жалған мемлекеттік белгі тағып басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, А. 7 тамыз 2026 жылы Арал қаласы, В.Терешкова көшесі бойында «Лада» маркалы автокөлігін көрiнеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен А. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Арал аудандық соты

Фото: www.google.com
24 тамыз 2026 ж. 51 0