Магистратура бойынша грант нәтижесі жарияланды
Магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижесі бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейінді бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған талапкерлер қатысты.
Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысқан. Болашақ магистранттарды жоғары оқу орнына қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
massaget.kz
Фото: depositphotos.com










