Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесі қаралды
Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелері қаралды.Жыл басынан бері ауданның жол саласын дамытуға бюджеттен 853 млн теңге бөлініп, Ақсу, Жаңадария, Аққыр ауылдық округтеріндегі 8 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген 15 жоба республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қаржыландыруға ұсынылды. Оның ішінде тұрғындардың сұранысына сәйкес электр желілерін жаңарту, елді мекендерді газдандыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және құрылыс инфрақұрылымына қатысты жобалар бар.
Жиында аудан әкімі жобалардың қаржыландыру мәселесін пысықтап, сала басшыларына олардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.










