Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаңыраққа шаттық, отбасыға береке

Шаңыраққа шаттық, отбасыға береке

Отбасы – адамға жылу сыйлайтын, қуанышы мен қиындығын бірге бөлісетін ең қымбат мекен. Ал отбасыға деген құрмет пен қамқорлық – қоғамдағы ең маңызды құндылықтардың бірі.
Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Арал аудандық филиалының өкілдері отбасын қолдау орталығынан қызмет алушы бірқатар көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Құттықтауға партия филиалының төрағасы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Әйелдер қанатының мүшесі Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы, Отбасын қолдау орталығының директоры Өтегенов Әділжан Жеткергенұлы, партия қызметкерлері мен Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.
Әр шаңыраққа ізгі тілегін жеткізген партия өкілдері отбасы мүшелерімен жылы жүздесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларға ерекше көңіл бөлініп, отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды.

Мұндай сәттерде үлкен сыйлықтан бұрын адамға деген ықылас пен жылы сөздің орны бөлек. Бір үйдің қуанышына ортақтасып, бір шаңыраққа көңіл бөлу – отбасыға деген құрметтің қарапайым әрі маңызды көрінісі.

Берекелі отбасы – елдің берік тірегі. Әр шаңырақта шаттық орнап, ата-ананың мерейі, баланың күлкісі көбейе берсін!

#Қазақстан #Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет
11 қыркүйек 2026 ж. 50 0