Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық туралы заңның әдістемелік және құқықтық негізі ең алдымен ҚР Конституция болып табылады. Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге заң бойынша сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы тұру, мемлекеттік қызмет мүддесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жою міндеттеліп отыр.

Сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күннің басты мақсаты болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы «Сыбайлас жемқорлық» - деген ұғымды білдіреді.
Пара алу – ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер ол тұлғалар тобымен жасалса немесе лауазымдық тұлғамен, заңды не болмаса заңсыз әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін артықшылықпен пайда алуда жасалатын қорқытып алушылықпен сүйемелденеді.
Пара беру - лауазымды тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасауға не болмаса берушінің пайдасына қандай да бір артықшылықтарды алуды, оның ішінде қызмет бойынша қамқорлық, не салғырттық ұсынуға бағытталған қылмыс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық - бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процестерін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясатын жандандырып, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде.

Боранбай ӘЛЖАНОВ,
№77 орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары
21 қыркүйек 2026 ж. 58 0