Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тоқтамайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тоқтамайды

Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт - Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы. Жалпы, сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.
Бүгінгі таңда бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналған. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттің экономикалық саласының бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып отыр. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нәтижесі салық қызметі органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау және оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды талап етеді.
Осы орайда, басқармада сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жиындар өтіп, құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырылды.
Сонымен қатар, мекемемізде салық төлеушілер үшін семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел» жиындарын өткізу, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіледі.
А.Ағыбаев,
Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының басшы орынбасары
01 қараша 2023 ж. 306 0