Заңнама өзгерістері түсіндірілді
Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Қаратаевтың төрағалығымен семинар өткізілді.
Семинарға аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызметшілер қатыстырылды.
Жиын барысында, мемлекеттік қызмет туралы заңның жаңа редакциясы таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңына енгізілген өзгерістер мен қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері, цифрлық ортадағы әдеп нормалары, қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Бұдан бөлек қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарының мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырудағы және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәдениетін нығайтудағы маңызы атап өтілді.