Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдептілік нормалары түсіндірілді

Әдептілік нормалары түсіндірілді

Бүгін аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Қаратаев аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұжымымен ашық кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен Әдеп кодексінің негізгі талаптары түсіндірілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшінің мінсіз беделі ұғымына, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға және әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар әріптестермен қарым-қатынас жасау кезіндегі және қызметтен тыс уақыттағы әдептілік стандарттары, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылық, мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы ақпарат берілді.
Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне де ерекше назар аударылды. Қызметшінің сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін арттыруға ықпал етіп, ұстамдылық және ұқыптылық қағидаттарына сай келетін жалпыға ортақ іскерлік стиль талаптарына сәйкес болуы туралы түсіндірді.
13 шілде 2026 ж. 10 0