Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Бүгін аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Қаратаев жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.Кездесу барысында мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді.
Атап айтқанда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант негізінде білім алып, оқуын жоғары нәтижемен, яғни GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары деңгейде аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдау мүмкіндігі қарастырылғаны айтылды. Аталған бастама білікті әрі білімді жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, сондай-ақ өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.
Осы мүмкіндік аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 2026 жылғы түлегі Ықыласов Еріш Ықыласұлы оқу орнын GPA 3,37 көрсеткішімен тәмамдап, уәкілетті органның келісімі негізінде Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің жетекші маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптарына сәйкес ойын бизнесіне қатысуға тыйым салынатынын атап өтіп, мұндай әрекеттердің мемлекеттік қызметшінің қызметтік беделіне, мемлекеттік қызметтің абыройына және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сеніміне кері әсер етуі мүмкін екенін, сонымен қатар қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауының маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшіге қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқарып, мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және азаматтардың сенімін нығайту бағытында жауапкершілікпен жұмыс істеу қажеттігі айтылды.
21 қыркүйек 2026 ж. 61 0