Мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді

Басқосуда Ж. Қаратаев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, қызметтік этика талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынған ойын бизнесіне қатысу туралы жан-жақты ақпарат берді.
Мұнан соң, Ж. Қуатов күн тәртібінен түспейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тоқталып, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікір алмасу болып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң талаптарын бұзбау, әдеп нормаларын сақтау сынды ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі