«Қауіпсіз код – 102-111-150» профилактикалық акциясы

Арал ауданы полиция бөлімімен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 2026 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз код – 102-111-150» профилактикалық акциясы өткізілуде.
Акция барысында полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған акция аясында Арал ауданы полиция бөлімінің ОТЗЗҚК тобының қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олармен профилактикалық сипаттағы кездесулер өткізді.
Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, отбасы мүшелеріне күш көрсетуге жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы заң талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылық жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделетіні ескертілді.
Профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Егер сіз немесе жақындарыңыз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, қауіп төнген жағдайда тиісті қызметтерге дереу хабарласыңыз:
102 – Полиция
111 – Бірыңғай байланыс орталығы
150 – Ұлттық сенім телефоны
Зорлық-зомбылыққа жол бермеу – қоғамның ортақ міндеті. Әр азаматтың қауіпсіздігі мен отбасының тыныштығы – басты құндылық.
Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғам!

Арал АПб-нің ҚҚб-нің ОТЗҚК- тобының аға
инспекторы полиция майоры Б.Бекмамбетов