Денсаулық - бақылауда!
«Ажар» сауда орталығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Денсаулық аралшасы» акциясы өтті.Акция аясында №1 қалалық емхананың мамандары қала тұрғындарына тегін экспресс-скрининг жүргізіп, кеңес берді. Қатысушылар артериялық қан қысымын, бойы мен салмағын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтай алды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану және созылмалы аурулардың алдын алу бойынша пайдалы ұсыныстар алды.
Бұл не үшін маңызды? Көптеген аурулар бастапқы кезеңде еш белгісіз өтуі мүмкін. Денсаулық жағдайын тұрақты бақылау ағзадағы өзгерістерге дер кезінде назар аударып, қажет болған жағдайда дәрігерге уақытылы жүгінуге мүмкіндік береді.

Мамандар сондай-ақ МӘМС жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтып, медициналық сақтандыру аясында азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек түрлерін еске салды.
«Денсаулық аралшасы» - бірнеше минут уақыт бөліп, өз денсаулығыңызға назар аударып, салауатты өмір салтына қадам жасауға мүмкіндік беретін пайдалы бастама.
Денсаулық — аурудың алдын алудан басталады!









