Қызылорда қаласындағы сауда орталықтарында денсаулық акциясы өтті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының мамандары сұрақтарға жауап беріп, сақтандыру мәртебесін қалай алуға болатынын, медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындарға МӘМС жүйесі туралы ақпараттық буклеттер таратылды. Профилактикалық тексерулерді қаржыландыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатыны, сондықтан скринингтерден өту үшін МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесінің болуы қажет екендігі атап өтілді.