Аманөткелдегі жаңа мәдениет үйі – ауылдың рухани орталығына айналды
Арал ауданының Аманөткел ауылында жаңа 150 орындық мәдениет үйі ел игілігіне қызмет көрсетіп келеді. Заманауи талаптарға сай салынған мәдени нысан бүгінде ауыл тұрғындарының басын қосатын, өнер мен шығармашылықты дамытуға мүмкіндік беретін маңызды рухани орталыққа айналды.Мәдениет үйінде ауыл тұрғындары үшін түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, шығармашылық кездесулер, концерттік бағдарламалар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шаралар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе, жастар мен балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілетін шыңдауға айрықша мүмкіндік жасалған.
Жаңа нысанның ашылуы Аманөткел ауылының мәдени өміріне жаңа серпін беріп, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жол ашты. Мұнда ауыл өнерпаздары өз қабілеттерін шыңдап, түрлі мәдени жобаларға қатысуға мүмкіндік алып отыр.
Аманөткелдіктер үшін мәдениет үйі – тек іс-шаралар өтетін ғимарат емес, ауылдың мәдени тынысын қалыптастыратын, таланттарды танытатын және ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын ортақ рухани мекен.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі












