«КӨҢІЛАШАР» ХАЛЫҚТЫҚ МӘДЕНИ-ҮГІТ БРИГАДАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДА
Аймақ төрінен ақжолтай хабар жетті. Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жаңа Қазақстан: Жасампаз ел мұраты» атты мәдени - үгіт топтарының облыстық байқауы өтіп, аталған сайыста аудан намысын қорғаған аудандық мәдениет үйі жанындағы «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы халықтың ерекше ықыласына ие болып, жүлделі орыннан көрінді.Мемлекет басшысының тарапынан қабылданған стратегиялық шешімдер мен халықшыл бастамаларды жүзеге асыру, атқарылып жатқан ауқымды шараларды насихаттау мақсатында өткізілген байқаудың қорытындысымен бас жүлдені Арал ауданы, аудандық мәдениет үйі жанындағы «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы иеленсе, І орынмен Жалағаш ауданы, Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы «Арай» мәдени үгіт бригадасы еншіледі.
Ал жүлделі ІІ орын Жаңақорған ауданы, Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасына бұйырса, ІІІ орынды Қызылорда қаласы, Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанындағы «Бірлік» мәдени үгіт бригадасы мен Қазалы ауданы, Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының «Жібек жолы - Қазалы» мәдени үгіт бригадасы және Шиелі ауданы, Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдени шығармашылық орталығының «Сыр маржаны» халықтық мәдени – үгіт бригадасы иеленді.
Облыстық байқаудың бас жүлдесін еншілеген аудандық мәдениет үйі жанындағы «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы ұжымын жеңістерімен құттықтап, алдағы шығармашылық жұмыстарына сәттілік тілейміз.









