«Біздің бала ғой…»
Өткенде бір айы-күні жақындаған келініміз «сақтықта қорлық жоқ» деп, ауылда оншақты күн, одан шығып облыс орталығында тағы үш аптадай «сохранение», қазақша қалай айтатын еді, сақтану шарасы, әлде алдын алу дейтін бе еді, сонда ем алып келді. Ақыры қайыр болып, аман-есен босанып, қазақша айтқанда аяқ-қолын бауырына алды-ау әйтеуір.Қазіргі заманда жалғыз бұл емес, көп жағдайда келіндер осылай жасайды. Жалпы, адам заты аурушаң, әсіресе жастар, себептері ғылымда да, өмір сүру барысында да әбден илеуі қанып түсіндіріліп болған сияқты, тек марқұм Мұхтар Шахановтың осыдан жиырма жылдай бұрын телеарнада берген сұхбатындағы мына бір естелігі есіме түсіп кеткені.
– Біздің Қасқасуда Жұлқар деген әйел болды. Сол тауға отын әкелуге барғанда босанып қалыпты. Содан кіндігін өзі кесіп, баласын етегіне орап, отынын да арқалап, жердің түбінен үйіне келеді. Келе сала отын жарып болып астың қамына кіріседі. Кешкісін күйеуіне тамақ, шайын беріп отырса, алаңсыз шынтақтап жатқан күйеуі жылаған баланың дауысын естіп: «Астапыралла, мынау кімнің баласы?» дейді. Сөйтсе Жұлқарекең: «біздің бала ғой, тауға отынға барғанда босана салып едім» деген екен.
Әлімжан ӘЛКЕБАЙҰЛЫ.
Қазалы ауданы.
https://kiltmedia.kz/?p=8145









