"Жақсылық етсең өзіңе....."

Жапан далада шұбап келе жатқан керуенді көреді, керуен соңында жаяулап та келеді. Керуен жақындай келе диуана қасына келіп тоқтайды.
– Е, диуана, жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, – деп сәлем береді керуен басы.
– Жүрер жер, басар тауың жеңіл болсын, – деп диуана жауап береді.
Керуен соңында азып-тозған аталы-балалы екеу тұр екен.
– Ей, диуана, біздің күн қараң болды. Азық таусылды. Мына тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарақшыларға тоналған аталы-балалы екеуіне жүрек жалғап бірдеңе болса бер, – дейді керуен басы.
Қайырымды диуана қоржынынан бір таба нан алып, екеуіне бөліп береді. Неше күн ашыққан олар нанды қомағайлана асай бастайды. Нанды жеп бола бере әуелі бала, содан кейін әкесі құлайды. Сол құлағаннан тіл бермейді. Неше күн, неше түн жол азабын бірге көріп жалғасып келе жатқан ер азаматтардың өлгендеріне көздері жеткен керуеншілер диуананы бас салып тепкілей бастайды. Диуананы ауыз аштырмай сабай береді. Бір мезетте диуана үн қатады:
–Уа, қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяққа алдыңдар, ел берген қайыр садақаны алып жүре бердім. Кімнің не бергенін қайдан білейін. Бірақ мен осы таба нанды берген үйді білемін.... Ар жағын айтқызбай керуеншілер бастырмалатып кетеді:
– Жүр, баста бізді сол үйге.
Өліктерді артып алады.
Диуана керуеншілерді ертіп шаһардағы нан берген әйелдікіне келеді Керуеншілер түйелерді шөгеріп, өліктерді түсіреді.
Жүгіріп далаға шыққан сылқым әйел өз күйеуі мен жалғыз баласын көріп, өз ісіне өзінің жаны күйзеледі. Ақыры іш-құса болып өледі. Әйелдің зұлымдықпен жазықсыз жанға жауыздық жасамақ болған әрекеті өз алдына көр болып қазылды.
Міне, "Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе" деген мақал осыдан қалған екен.
М. ХАКИМОВА