Ағайынның реніші құм секілді

Бір уақытта алдарынан оазис, көгал шығады. Әбден шөлдеген, ыстықтаған екеуі дереу суға секіріп кетеді. Кенет ағасы суға бата бастайды. Інісі өз өмірін қауіпке тіге отырып, оны әрең дегенде құтқарып алады. Екеуі судан шыққан бойда ағасы жерден тас алып сол жердегі жартасқа: «Бүгін інім менің өмірімді сақтап қалды» деп қашап жазып қояды. Мұндай кезекті көріністі көрген інісі: — Неге алдында құмға, енді тасқа қашап жазып жатырсыз? — дейді таңдана. Сонда ағасы: — Кімде-кім бізді ренжітетін болса, оны құмға жазу керек. Себебі, ол желмен өшіп, тез ұмытылады. Ал жақсылық жасаса, оны ұзақ уақыт есте сақтау үшін тасқа қашап жазып қою керек, — деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы