"Бауырының аяғын ыстықтан қорғап жатыр": Қарақат пен Қыдырәлінің ұлы жұртты сүйсіндірді

Ал жұлдызды ана бұл көріністі түсіндіріп берген. Жүрегі елжіреп кеткен Қарақат Әбілдина ұлдарымен мақтанды.
"Бауырының аяғын ыстықтан қорғап жатыр екен. Құдай, жүректерім. Бауыр деген осындай болады", - дейді Қарақат Әбілдина.
Мұны көрген желідегілер отбасындағы тәрбие туралы айтып, Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағына шаттық тілескен. Олар жұлдызды жұптың балаларына сүйсінді.
"Балаларыңыздың мейірбан болуы сіздерден алған тәрбиесіне байланысты", "Сіздерге қарап бой түзейді", "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар", "Неткен ғажап", "Қандай үлгілі отбасысыздар", - деп пікір қалдырды желідегілер.