Қыдырәлі мен Қарақат ұлының туған күнін шетелде атап өтті

Айсұлтан ұлдарының көптен күтіп жүрген мерекесін жақсы өткізіп, ұлдарына қуаныш сыйлай алғанын жасырмады олар. Қыдырәлі Болманов бұл тек ұлымның ғана емес, анасының да мерекесі деп Қарақат Әбілдинаға ақ тілегін жаудырған.
"Бұл жақта да балаға жақсы көңіл бөледі екен. Негізі әр баланың туған күні 9 ай көтеріп, алғашқы 2 жыл түн ұйқысын төрт бөлетін аналардың мерекесі. Ештен кеш жақсы деген. Алла қосқан аяулыма мейірімді Алла өзі берген әр балаңның бақытын көрсетіп, екі өмірдің абырой-бақытына бөлеп, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан болуды нәсіп еткей деп тілек білдірдім", - дейді Қыдырәлі Болманов.