"7 млн теңгенің батутын сыйлаймын": Қыдырәлі Болманов Арыстағыларға қалай көмектесетіні туралы
Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов қиын-қыстау кезеңде арыстықтарды кез келген жағынан қолдауға әзір екенін жеткізді. Осы орайда, ол Арыстағы балаларға құны 7 миллион тұратын батутын беруге әзір екенін жеткізді
Продюсер арыстықтардың жағдайын өз көзімен көріп қайту үшін арнайы ұшып баруға әзірленіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол Астана күнін тойлауға кететін қаражатты Арыстағыларға беру керектігін айтты.
«Бұл бастаманы екі қолымды көтере отырып қолдаймын. Өйткені, дәл қазір мынандай жағдай болып жатқан кезде той тойлап жатқанымыз біртүрлі сияқты. Оның үстіне астананың туған күнін қаншама жылдан бері атап өтіп келе жатырмыз. Сол себепті осындай сын сағаттарда бірлігімізді көрсеткен артық болмайды», - деді ол.
Әрі қарай ол халықпен жүздесіп, қолдау білдірудің өзіндік орны бар екеніне тоқталды. Осы орайда ол Арыс балаларына құнды сый тарту етпек.
«Бір кездері тапсырыспен 7 миллион теңгеге жасатқан батутымыз бар болатын. Соны Арыстағы балаларға сыйламақпын. Егер әкімдікте біреу батут үшін жауапкершілік алып жатса, соны табыстаймын. Алайда дәл қазір балалардың қашан қалаға оралатыны белгісіз», - деді ол.