Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әйел өмірі үшін» Республикалық акциясы ұйымдастырылды

«Әйел өмірі үшін» Республикалық акциясы ұйымдастырылды


Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күніне орай Арал ауданында «Әйел өмірі үшін» республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараны «Әділет» партиясы Арал аудандық филиалы ұйымдастырып, акция аясында Арал аудандық емханасында Ашық есік күні өткізілді.
Шара барысында сала мамандары тұрғындармен кездесіп, әйел денсаулығын сақтау, алдын алу шараларына мән беру және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келушілер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.
Акция барысында әйелдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстануы және өз денсаулығын үнемі бақылауда ұстауының маңыздылығы айтылды.
06 қазан 2026 ж. 87 0