« АНАШЫМ СЕНІҢ КӨРГІМ КЕЛІП ЕД, ЖҮЗ ЖАСҚА КЕЛГЕН ТОЙЫҢДЫ..... »
Небәрі 53 жасында өмірден өткен анамыз, Ешниязқызы Бибізада тірі болғанда үстіміздегі жылы 100 жасқа толар еді. « Анашым сенің көргім келеді жүз жасқа келген тойыңды » деген арман - тілек барлық балаңның ой - арманы еді ғой. Өмір емес пе, өмірдің осы бір тұсы олай болмай шығып, осыдан тура 47 жыл бұрын біз үшін жер - дүние айналып түскендей болды. Әкеміз, Шалабай баласы Жібекәлидің де өмірден озғанына биыл 32 жылға таяпты. Бүгінде біздің, ата - анамыздың рухына арнап құран бағыштаудан басқа амалымыз қалмай отырғандығы өте өкінішті.
Әке – алғаусыз адалдығың үшін,
Әке – қанатты қамқорлығың үшін,
Әке – жаныңның жылылығы үшін,
Әке – марғасқа мәрттігің үшін, рахмет!
Ана-аялы алақаның үшін,
Ана-саялы саябағың үшін,
Ана-талапшыл талғамың үшін,
Ана-қасиет қондырғаның үшін рахмет!, деп еске аламыз.
Ананы аңсау
Іздеп тілеп, аңсап жүрек, әркез сені сағынды,
Сені ойлап, санам менің сан-сақ кезіп сабылды.
Еш алаңсыз сол іздеген еңбегім де түк тұрмай,
Көрген түсте бейнең ғана елестейбоптабылды.
Әлдеқашан қоссам дағы мәңгі жырға анамды,
Жазбай қойды бәрі-бәрі жүректегіжарамды.
Еріксіз бір еске түссе ана сенің сол бейнең,
Мөлдіреген моншақтай боп көзден жасым ағылды.
Қаларымды ойға алып, қиналдың-ау анашым,
Бал балалық махаббаттың қалай қидың арасын?
«Уақыттар емші»деген, біреу сонда жұбатып,
Өзгермеймін, көп іздеймін, көп іздеймін анашым.
Өмірдегі ең қимайтын адам едің ардақты,
Мұңды бөлек, дәмді кермек маған неге арнапты?
Толды сана, шүкір ана, іздеуі бар артында,
Сеніалып, ойдымаған берген шығар салмақты.
Сәт сайын сен, маңдайың кең ойымнан бір шықпайсың,
Қазір бардай, қазір жоқтай таңғы түскен шықтайсың?
Қимасам да, қинасам да іздеу салған жанымды,
Сен бәрібір, тіршіліктің ауасын кеп жұтпайсың.
Ақтарамын шықпай жатқан ішімдегі бар мұңды,
Сағынамын анашыммен болған сол бір аз күнді.
Егер де бұл орындалар тілек болса тілейін,
Қайталап бір жазса екен сондағы бір жаз күнді.
Көресің бе маған жақын, маған таныса дамдар?
Анамды іздеп, пайда болған мұңның барын көзімде.
Тумақ барда, қайта жердің өзі бізді құндақтар,
Ана сені іздейтіндей әлі деп көп шумақтар....
Сен кеткен сәт, үй алдына бір ағаш үй тігілген,
Сол ағашүй, елестеді ажалдай боп түйілген.
Шауып барып, ойлап едім, енсем бе деп есіктен,
Сездім бірақ, өлім жетіп мен екенін кешіккен.
Жабырқаумен жүрдім талай, іздеп сені мен алдан,
Осы кезде жүрек менде болып алған арыстан.
Ала сұрып таппадым еш, шарлап едім жер - көкті,
Анам менің жәннат бақта жүр екен ғой, ой, Аллам.
Анамныңақкөйлегі
Ақ көйлек анам киген көз алдымда,
Көркіңненқараптұрыпкөзалдым ба?
Киілгенақкөйлегіңкіршалмаған,
Анамбоптұрғандай-ақкөзалдымда.
Ақкөйлек, етекжеңібүрмеленген,
Сәнкіргенақкөйлеккебүрмелерден.
Тәріздіболады да тұрармаған,
Көрінердейақкөйлеккөрмелерден.
Анамның ақ көйлегі кіршіксіз, ақ,
Анасыз өткен күнің құрсын бірақ,
Өстім мен, өсіпкелеміз деп әлі,
Қолыма ілінгенде сәл бір жұмсақ.
«Келші ай, келші күн»боп еркелегем,
Ұйқымнан көз ашқанда ертеменен.
Аз күндік қуанышым сағымға еріп,
Қолымда қалды «ақкөйлек» өзің киген.
Кімге айтам, кімге шағам мұңды кермек?
Ішімдегі дауылды кім бар жеңбек?
Сырымды ақ көйлекке гүл ғып таққам,
Шығар деп, әз-анамды қайта түлеп?
Анамның ақ көйлегі болып себеп,
Шырылдадым, шыдадым жоқтап жүдеп.
«Анамның ақ көйлегі»деген өлең,
Жазатын поэмама тірек, демек.
Түсіме анам кірген ақ көйлекпен,
Ақ көйлек содан деймін, анам көптен.
Күнделікті оқитын Құрандар да,
Анама бағышталар жүрек түптен.
Асылдарым
Жеттік бе біздер, сіздердің кеше бағаңа,
Содан да бері салынды жылдар араға.
Асыл да асыл, асыл да асыл болған бір,
Жетпейді-ау ешкім, әке мен асыл анаға.
Іздейді жүрексіздерді бүгін сағынып,
Жарамды білем, жазбас - ау бәрі жабылып.
Жырақтап сіздер кеткелі бері қасымнан,
Сіздерге Иман тілеумен болдым жалынып.
Болғанда сіздер қасымда бірге бақытты ем,
Санасар кім бар, зырлаған осы уақытпен.
Қиын - ау қиын, қиын - ау қиынбәрінен,
Қайтара алмау сағатты кері бағытпен.
Сіздердей ақыл, бере алмас ешкім біздерге,
Сырғиды қыс, жаз, өтеді көктем, күз демде.
Жапырақтардай үзіліп түсер өмірді,
Санамен сезіп, білер ме екен, әр пенде?
Жисам да теріп, Әлемнің асыл түстерін,
Жеткізбес білем, сіздерді жалғар күш-керім.
Қуаттап бізді, құлатпай осы кезеңге,
Жеткізген білем, сайраған Нұрлы іздерің.!
Шолпан Жібекәлиқызы.
Сағына еске алушылар: Балалары–келіндері, немере–шөберелері.









