Тарихқа құрмет – елге құрмет
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және ескерткіштерге құрметпен қарау – баршамызға ортақ міндет. Вандализм – қоғамдық мүлікке зиян келтіріп қана қоймай, елдің тарихи мұрасына деген құрметсіздікті білдіреді. Сондықтан әрбір азамат туған жердің көркін сақтауға және ортақ құндылықтарға жанашырлықпен қарауға атсалысуы қажет.Осы мақсатта «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында «Әділет» партиясы Арал аудандық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қала аумағындағы ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акцияның негізгі мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғам назарын вандализм мәселесіне аудару. Белсенді жастар осындай игі істер арқылы туған жерге деген құрметтің нақты іс-әрекеттен басталатынын көрсетті.
Ескерткіштер – ұлт тарихының айғағы, өткен мен бүгінді жалғайтын құнды мұра. Оларды қорғау, бүлдіруге жол бермеу және келер ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың азаматтық міндетіміз.
Тарихты құрметтеу – елді құрметтеу!
#Әділет #ЖастарРухы #Арал #ВандализмгеЖолЖоқ #ТарихқаҚұрмет











