Тарихқа құрмет – тазалықтан басталады
«Таза Қазақстан: Тарихи-мәдени мұраны сақтау» тақырыбы аясында «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері Арал қаласындағы Даңқ алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты – тарихи орындардың айналасын таза әрі көрікті ұстау ғана емес, жастар арасында туған жердің тарихына, мәдени мұрасына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Даңқ алаңы – ел тарихындағы маңызды кезеңдерді еске түсіріп, өткенге тағзым ететін орындардың бірі. Сондықтан мұндай нысандардың тазалығы мен көркіне көңіл бөлу – ортақ міндет.
Іс-шара барысында жастар алаң аумағын қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтірді. Белсенділер үшін бұл қарапайым тазалық жұмысы ғана емес, тарихи мұраға деген құрметтің нақты көрінісі болды.

Жастардың айтуынша, әрбір жас буын өз елінің тарихын білуге, өткенін құрметтеуге және тарихи орындарды көздің қарашығындай сақтауға жауапты. Өйткені тарихи-мәдени мұра – бүгінгі ұрпаққа ғана емес, келешекке қалатын құндылық.
«Тарихымызды құрметтеу – оны тек сөзбен дәріптеу емес, нақты іспен қорғаудан басталады. Осындай орындардың тазалығын сақтау арқылы біз кейінгі ұрпаққа өткенімізді аман жеткізуге өз үлесімізді қосамыз», – дейді Жастар қанатының белсенділері.











