Әділет партиясының жастар қанаты Қазақстан аумағында вандализммен күрес жөніндегі акцияны бастады
«Әділет» партиясының жастар қанаты Қазақстан аумағында «Вандализмге жол жоқ!» акциясын бастады. Бүгінде акция үш өңірде – Алматы қаласында, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында өтті. Белсенділер таудағы ақпараттық тақтайшаларды тазалап, ескерткіштер мен мемориалдардағы жазуларды өшіріп, қоғамдық орындарды ретке келтірді. Акцияның негізгі идеясы қарапайым: ортақ игілікті сақтау мәселесі әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет










