Баспана құқығы – Конституция кепілдігі
Азаматтардың баспанаға деген құқығы: Заң шеңберіндегі жаңа кепілдіктер Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтерді. Оның ішінде әлеуметтік әділеттілікті камтамасыз етуге және адамның қадір-қасиетін қорғауға бағытталған нормаларға ерекше басымдық берілген. Солардың ішіндегі ең маңызды әрі қоғамдық мәні жоғары нормалардың бірі — азаматтарды сот шешімінсіз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға тыйым салу.
Бұл норманың негізгі маңызы мен артықшылықтары қандай?
Заңдылық пен тәртіп: Әрбір азаматтың баспана тиіспеушілігі заңмен корғалады. Ешкім де өз бетінше немесе сот шешімінсіз азаматты үйінен мәжбүрлеп шығара алмайды.
Әлеуметтік тәуекелдерді азайту: Бұл қадам әлеуметтік шиеленісті болдырмауға және азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін арттыруға бағытталған.
Әділеттілік пен тұрақтылық: Адам құқықтарын сақтау — мемлекет пен қоғам арасындағы азаматтық келісімнің негізгі діңгегі болып табылады.
Ата Заңымыздағы бұл өзгеріс — «Әлеуметтік мемлекет» қағидатын нақты іске асыратын пәрменді тетіктердің бірі.
НАРТАЙ КАЙЫРЛАПОВ
Арал аудандық мәдениет үйінің қызметкері










