Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмешілерге жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

Мемлекеттік қызмешілерге жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ж.Қозбағарова Ақсуат ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен олардың негізгі бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған іс-шараларға да назар аударылды.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды және пікір алмасты.
Сурет: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
27 қазан 2026 ж. 44 0