Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!
Сыбайлас жемқорлық – бұл тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің дамуына елеулі кедергі келтіретін құбылыс.
Әрқайсымыз адал әрі әділетті қоғам қалыптастыруға өз үлесімізді қоса аламыз. Заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заңсыз сыиақыларды қабылдамау және ұсынбау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері туралы уақтылы хабарлау маңызды.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Ашықтық, адалдық, объективтілік және әділдік – біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттары болуы тиіс.
Сыбаилас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – баршамызға ортақ міндет!
Тек бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайта аламыз.
Адалдық – әрқайсымызданбасталады!
Арал ауданы бойынша МКБ










