Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық төленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке жатқызу және қайтару.

Артық төленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке жатқызу және қайтару.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 122-бабында төленген және (немесе) артық төленген салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын есепке жатқызу және қайтару тәртібі айқындалған.
Артық төленген сомаларды есепке жатқызу салық органымен ұлттық валютада салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз немесе оның өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Салықтық өтінішсіз есепке жатқызу кезінде қаражат заңнамада белгіленген кезектілікпен бағытталады: алдымен төлеу мерзімі басталған салық міндеттемелерін өтеуге, одан кейін берешекті, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеуге жұмсалады.
Салық төлеуші өтініш беру арқылы артық төленген соманы тиісті салық немесе бюджетке төленетін төлем бойынша алдағы төлемдер есебіне не Кодексте көзделген жағдайларда салық берешегін өтеу есебіне жатқыза алады.
Ақшалай қаражатты қайтару салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде өтініште көрсетілген банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Егер салық төлеушінің салық берешегі болса, алдымен артық төленген сомалар сол берешекті өтеу есебіне жатқызылады. Қалған сома қайтаруға жатады. Берешек болмаған жағдайда қаражат белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Есепке жатқызу және қайтару мерзімдері
Артық (қате) төленген салықтар, бюджетке төленетін төлемдер (мемлекеттік бажды қоспағанда) және өсімпұлдар сомалары ағымдағы жыл және талап қою мерзімі шегінде өткен күнтізбелік жылдар үшін есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару үшін оны бюджетке төлеген күннен бастап үш жыл ішінде тиісті құжаттарды ұсыну қажет.
Арал ауданы бойынша МКБ
16 қараша 2026 ж. 42 0