Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдаудағы жаңа міндеттер талқыланды

Жолдаудағы жаңа міндеттер талқыланды

“Қосжар” бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған жиын өтті.

Басқосуда елдің алдағы даму кезеңіне арналған бастамаларға назар аударылып, әсіресе ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға қатысты міндеттер сөз болды.

Президент Жолдауында келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау ұсынылды. Бұл бастама аясында елді мекендердегі жолдарды, инженерлік желілерді, әлеуметтік нысандарды салу және жаңғырту жұмыстарына басымдық берілмек. Мұндай жобалар ауылдардың инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді.
Сонымен қатар инфрақұрылымдық жаңғыруға Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бағыттау жоспары, цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және отандық өндірісті қолдау мәселелері талқыланды.

Жиында «Адал азамат» тұжырымдамасының мәніне де тоқталды. Заңға құрмет, қоғамдық тәртіп, жауапкершілік пен адал еңбек қағидаттарын орнықтыру – ел дамуының маңызды негіздерінің бірі екені атап өтілді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыруда әрбір азаматтың жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің маңызы атап өтілді.
18 қараша 2026 ж. 54 0