ЖОЛДАУДАҒЫ ЖАҢА МІНДЕТТЕР – ОРТАҚ ТАЛҚЫ ТАҚЫРЫБЫ
Барсакелмес бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Жиын барысында партия ұйымының мүшелері Жолдауда айқындалған негізгі бағыттарға назар аударып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерді талқылады. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, өндіріс әлеуетін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ келесі жылдың «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялануына байланысты жоспарланған жұмыстардың маңызы атап өтілді. Бұл бастаманың өңірлердің инфрақұрылымын жаңғыртуға, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға серпін беретіні жөнінде пікірлер айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты өз ойларын ортаға салып, алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.












