Жолдаудағы міндеттер – ел дамуының негізі
Қосаман бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Жиын барысында ұйым мүшелері Жолдауда белгіленген негізгі бағыттар мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді кеңінен талқылады. Әсіресе экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті қолдау, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне басымдық берілді.
Қатысушылар келесі жылдың «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялануына да назар аударды. Бұл бастаманың тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға тың серпін беретіні айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.












