Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл дамуына бағытталған міндеттер талқыланды

Ауыл дамуына бағытталған міндеттер талқыланды

«Аққұм» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының басым бағыттарын талқылауға арналған жиын өтті.

Басқосуға бастауыш партия ұйымының төрағасы Надежда Абишева қатысып, Жолдауда көтерілген ел дамуының негізгі бағыттарына тоқталды.

Кездесу барысында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жолдар мен инженерлік желілерді жаңғырту, әлеуметтік нысандардың құрылысын жандандыру мәселелері сөз болды. Әсіресе келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасының ауыл-аймақтардың дамуына ықпалы талқыланды.
Сонымен қатар Ұлттық қор қаражатын инфрақұрылымдық жобаларға бағыттау, цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және отандық өндірісті қолдау бағыттары назардан тыс қалмады.

Жиында «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары да қозғалды. Заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адал еңбек ету және әр азаматтың өз ісіне жауапкершілікпен қарауы қоғам дамуының маңызды шарттары екені айтылды.

Кездесу соңында Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға қоғам болып атсалысу, әрбір бастаманың орындалуына азаматтық белсенділік таныту қажеттігі атап өтілді.
16 қараша 2026 ж. 18 0