Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің ертеңіне қатысты мәселелер талқыланды

Елдің ертеңіне қатысты мәселелер талқыланды

Аманөткел бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған басқосу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ұйым мүшелері ел дамуының алдағы кезеңіне қатысты басымдықтарды ортаға салып, Жолдауда қамтылған бастамалардың мән-маңызына тоқталды. Талқылау кезінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өндіріс орындарын дамыту, цифрландыру үдерісін жеделдету және жасанды интеллектіні түрлі салада қолдану мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар келесі жылдың «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» болып жариялануының маңызы сөз болды. Қатысушылар бұл бастаманың елді мекендердегі құрылыс қарқынын арттыруға, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсартуға және инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Басқосу өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыруға қатысты ойларын бөлісті.
25 қараша 2026 ж. 42 0