Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа сығылған жеміс шырыны адамның ерте өлуіне себепші - ғалымдар

Жаңа сығылған жеміс шырыны адамның ерте өлуіне себепші - ғалымдар

Жаңа сығылған жеміс шырыны мезгілсіз өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін

Зерттеушілер мұндай мәлімдеме жасамас бұрын 13 400 адамның өмір сүру салтын бақылаған. Кейін олардың тәтті сусынды қаншалықты көп ішетіні анықталды. 
«6 жыл ішінде ғалымдар әртүрлі себепке байланысты мың адамның ажал құшқанын тіркеді. Олардың ішінде 168-і – жүректің ишемиялық дертінен көз жұмған. Мамандар бір күндік калориясының 5 проценті тәтті сусын, оның ішінде жеміс шырыны болатын адамдар мен дәл сондай көрсеткіш 10 проценттен асатын адамдар арасындағы өлім-жітімді салыстырып көрді», - деп жазылған хабарламада. 
Ғалымдар мәліметінше, қосымша 360 миллилитр тәтті сусын ішкен адамның өмірімен қош айтысу қаупі 1,24 есеге артады. Тіпті, жүз пайыз табиғи болып келетін сусындардың өзі дәл осындай қауіп төндіреді.
19 мамыр 2019 ж. 930 0