"Екі балам мен күйеуім бомбаның астында қалды": Сириядан елге қайтарылғандар тағдырын баяндады
7-9 мамыр аралығында еліміздің сыртқы істер ведомствосы, ұлттық қауіпсіздік комитеті және әскерилердің күш біріктіруімен Сирия аумағында қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтару операциясы жүзеге асырылды. Жыл басынна бері екінші мәрте өткізіліп отырған шараның оперативтік атауы Жусан-2.
Қаңтардағы операцияға қарағанда бұл жолы жеткізілгендер саны көп. 231 адам. Екі күнге жалғасқан шарада елге әкелінгендердің дені балалар. Қазір олар Ақтаудағы бейімдеу орталығында
Бір айлық карантинде психолог, теолог, және дәрігерлер келгендермен жұмыс жасайды. Сондай-ақ дені Шам жерінде туылған бүлдіршіндердің, ата-аналарының құжаттары реттеліп, туыстарымен байланыс орнатылады.
Комитетшілердің мәліметіне сенсек, әлі 300 дей қазақстандық Сириядағы соғыс ошағында қалып отыр. Олар да елге жеткізілмек екен. Бірақ кедергі бар. Себебі Шам жеріндегі лаңкестік топтар әр алуан, отандастарымыздың көбі солар бақылайтын аумақтарда қалған.
Айта кетейік, Жусан операциясы мемлекеттің халықаралық қауымдастық алдындағы міндеті. Елдің ел екенін көрсету және соғыс ошағынан құтқарылғандарды оңалту арқылы дерадикализия жұмыстарын ілгерілендіру. Бірақ қоғамда Сириядан азаматтарды қайтаруға қатысты сыни скептикалық көзқарастар да жетерлік.
Қазақ даласынан ұшып шыққан әскери әуе күштерінің жауынгерлік борты тағы да Шам жеріне табан тіреді. Құдай өзі кешірсін, Таяу Шығыс дәл қазіргі уақытта Фәни дүниедегі тозаққа бергісіз мекен десек артық айтпаймыз. Сол оқ пен оттың ортасында алыстағы қазақстаннан адасқаны бар, жалған жиһад жолында ажал аңсап келгені бар, жүздеген отандасымыз шығарылды. Кезекті операция. Жусан 2.
Жусан 2 операциясының шеңберінде 231 адам елге жеткізілді. Олардың 156-бала. 59-әйел. 18 бүлдіршін тұл жетім.
-Анашың қайда?
- Бәрі жоқ.
Тұла бойын тұмшалап алған мына келіншектің тіпті көзі де көрінбейді. Келіншек дейміз-ау, біздегі бейбіт өмірдің өлшеміне салсақ бойжеткен болар еді. Тек, көргені басқа.
- Бөпем жеті күндік.
-Жеті күндік? Өзің нешедесің?
-23-те.
-Бұл тұңғышың ба?
-Жоқ, үшіншім.
-Қалған екеуі қайда?
-Жоқ олар.
-Қайда олар, бомбаның астында қалды ма?
-Иә.
-Қай қалада, Раккада ма?
-Иә, Раккада.
-Күйеуің қайда?
-Ол да солармен бірге кетті.
Иә, бұлардың көргендерін басқа салмасын. Қашып-пысып, тығылып жан баққан тышқани тіршілік, алдау мен арбаудың шырмауындағы мұратсыз мүдде, мәнсіз өмір мен мағынасыз өлім.
Есімін атамауды өтінген мына азаматшаның жасы 33-те. Қаңтар айында өткізілген Бірінші Жусан операциясы аясында елге жеткізілген. Айтуынша 10 жылдай бұрын намазхан жігітпен тұрмыс құрады. 2012 жылы ол Украинаға жұмысқа барам деп кетіп қалған. Тек ай өткен соң Түркиядан байланысқа шығыпты. Ерінің артынан іздеп барған келіншек күйеуін табады, тек оның қолқалауымен Сириядан бір-ақ шыққан.
“Бір апта болдым сол жерде. Бір аптадан кейін енді мен үйіме қайтуым керек деп едім, күйеуім менің удостоверением мен паспортымды тартып алды да сені қазақстанда қайда болғаныңды біліп отыр, сен түрмеге отырасың деп, содан мен қорқып күйеуімнің айтқанынан шыға алмай сонда қалдым. Күйеуіме айтуға қорқатын болдым себебі сол жақта адамдар болады ғой, түрмеге отырғызуы мүмкін де. Кеткісі келетіндерді түрмеге отырғызады немесе басынан айырады”, - деді келіншек.
2017 жылдың наурызында күйеуі жоқ болып кетеді. 11 күн өткеннен соң оған ерінің мерт болғанын хабарлаған. Сол кезде жантөзгісіз тіршіліктің тағы бір кезеңі басталады. Бұл жиһадшы әйелдерінің барлығының басынан өтеді.
“Қайтыс болатын болса идда деген нәрсе бар. Жаңағы траур дейді ғой, соны күтеді. Сол күн біткеннен кейін ол жерге еркектер келеді. Әйелді алуға. Сонда олар жағдай істейді. Яғни күйеуі қайтыс болған әйелді бір үйге алып келеді. Ол жерде көп әйелдер тұрады. Ол жерде су жоқ, тамақ жоқ, тазалық жоқ, свет жоқ. Ешқандай жағдай істелінбейді, ешкім сені қарап жатқан жоқ. Әйелдер амалсыздан күйеуге шығып бастайды. Ол жерде күйеуге шығып, күйеулері 2-3 күннен соң қайтыс болып кететіндер болады. Яғни неше рет, 2 рет, 5 рет, 19 рет күйеуге шыққан әйелдер де бар ол жерде”, - деді әйел.
Әлгі ғаламторда жиі айтылатын секс жиһад деген бәлеңіз де осының бір парасы. Некедегілер отбасын сақтаса, басы бос қыз келіншектер жиһадшылардың тоятына жауапты. Саудаға салынады немесе апта сайын некелесіп қолдан қолға өтіп кете барады. Себебі еркектер қойдай қырылып жатыр.
Жусан операциясына қатысты қоғамның пікірі біржақты емес. Елін сатып, жат идея үшін қантөгуге кеткендерге несіне жақсылық жасауымыз тиіс деген сарындағы сыни көзқарас басым. Журналист һәм публицист Азамат Кеңесұлы Фейсбуктегі парақшасында бұл операцияның қажеттілігіне күмәндана отырып, елге жеткізілгендерден не күтуге болады деп жазды. Ең бастысы салдармен емес, себеппен күрес қажеттілігін алға тартқан ол жат ағымды ұстанушылардың кең етек жаюын болдырмас үшін ел ішіндегі ағарту жұмыстарын 90-жылдары бастау керек еді деген қынжылысын да жасырмады.
“Оларды әкелгенімен де ары қарайғы зардабын ойлау керек. Мысалы сіз де өзіңіздің дініңізден қарадан қарап бас тартпайсыз ғой. Дәл сол сияқты олар да кезінде мұны өздері үшін жүрегі үшін, жаны үшін жақын деп тапты ол тармақты, ол ағымды. Сондықтан да олардың бірден бір, жайдан жай бас тарта салуы қиын. Ол кешенді мәселе”, - деді публицит, дурналит Азамат Кеңесұлы.
Дінтанушы Асылбек Ізбайыров та, Шам жеріне шариғат іздеп кеткендерден үлкен қатер көретінін айтады.
“Сол жаққа барған адамдар, сол жақта болған адамдар бәрі халифалы бағдадиға өздерін былай айтқанда анттарын берді. Баят дейді, баятын берді. Сол баятты алып тастау, ол өте күрделі процесс. Ал қазіргі уақытта бізде профилактика жағдайында әрине жетістіктер бар, оның кемшіліктері бар. Бірақ именнно мына дерадикализацияда бізде үлкен нәрселер керек те. Шынымен де әлі әлемде мына тәжірибие ретінде осы баятты қалай шығару керек, әлі бір сондай керемет тәжірибиені көрген жоқпын”, - дейді дінтанушы, мемлекеттік басқару академиясы дипломатиялық институтынң профессоры Асылбек Ізбайыров.
Маманның бұндай алаңдаушылығына себеп те бар. Таяуда ғаламторда бірнеше жыл бұрын өлтірілген ДАИШ көсемі Әбубәкір әл Бағдадидің бейнеролигі жарияланды. Онда нөмір бірінші лаңкестің тірі екендігін және дала командирлерін жинап алып нұсқау беріп отырғанын көруге болады.
Десек те, Жусан операциясына қатысты қоғамда айтылып жүрген скептикалық көзқарастармен ұлттық қауіпсіздік комитеті келіспейтінін алға тартты.
“Біз мемлекет ретінде міндеттерімізді орындай отырып, өз азаматтарымызды елге қайтаруға тиіспіз. Кінәлілер бойынша жазаның бұлтартпастығы қағидасын қамтамасыз етіп, кінәсіздерді оңалтудан өткізуіміз қажет. Екіншіден осы азаматтар шетелде қалып қойса қалай болады екен. Содырлар Қазақстанға қарсы террористік іс-әрекеттерін жасауы анық. Жыл сайын біз шетелдік терористер тарапынан бірнеше терактілердің жолын кесеміз. Ал Қазақстанда олар ең аз дегенде жауапкершілікке тартылып, оңалтылатын болады. Үшіншіден ең бастысы біз балаларды құтқардық. Одан бөлек шетелде қалып қойған балалар кім болып өсетіні туралы ойлану қажет”, - деді ҰҚК департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев.
Терракт демекші, былтыр комитетшілер сырттан жоспарланып ұйымдастырылған ондаған лаңкестік шабуылдың жолын кесіпті. Биыл жыл басында Алматы облысында да жарылыс жасамақшы болған экстремистер тұтылған. Ал Жусан шеңберінде елге қайтарылғандарға қатысты жауапкершілік бар деп ескертті.
“Қазақстанға келгеннен кейін 16 ер адам мен 4 әйел адам ДАИШ жағындағы террористік іс әрекеттерге қатыстылығы күдігімен тұтқындалды. Олар қылмыстық істердің тергеуі бойынша Нұрсұлтан, Атырау, Орал,Ақтөбе, Қарағанды Шымкент қалаларына айдауылданды”, - дейді Рахымбердиев.
“Елге жеткізілгендерді қылмыскер, экстремист, тағы басқалай айыптармен қаралауға әсте болмайды. Себебі заңға сәйкес олардың соғыс қимылдарына қатысқаны әлі дәлелденген жоқ. Алдымен сотта дәлелденуі керек. Әлбетте ол анықталса, тиісті жазасын міндетті түрде алады. Ал радикалды пиғылдан арылту өте маңызды. Беті бері қарағандар өзге жат ағым өкілдеріне сабақ бола алады. Себебі идеяны идея ғана жеңеді”, - "Контртеррористік комитеті" РҚБ президиумының төрағасы Аманжол Оазбаев.
Белгілісі бұған дейін Сириядан оралғандардың біріне кесілген ең ауыр үкім 20 жыл түрме жазасы. Ал қаңтардағы Жусан шеңберінде елге әкелінген екі азамат 8 жылға сотталған. Айта кететін бір жайт 2017 жылы ел аумағынан тыс жерде террористік ұйымдарға тартылғандарды азаматтығынан айыру турасында елбасы бастама көтерген соң тиісті норма қабылданған болатын. Алайда бұл жаза әзір ешкімге қолданылған жоқ.