Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризмге қатысы бар: Сириядан қайтарылған 20 қазақстандық ұсталды

Терроризмге қатысы бар: Сириядан қайтарылған 20 қазақстандық ұсталды

Сириядан қайтарылған қазақстандықтардың 20-сы террористік іс-қимылға қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді

7 және 9 мамырда әскери қақтығыс болған аймақтардан Қазақстанның 231 азаматы елге қайтарылған. Олардың ішінде 16 ер адам, 59 әйел адам және 156 бала бар. 107 бала – 7 жасқа дейін, 43 бала – 12 жасқа дейін, алтауы – 12 жасқа дейін. 18 баланың ата-анасы шиеленіс аумағында қайтыс болған немесе із-түссіз жоғалып кеткен. Балалардың жартысы шетелде туған
«Бұл гуманитарлық шара қарулы шиелініс аумағында болған азаматтарымызды құтқару және олардың балаларына Қазақстанның толыққанды азаматы ретінде бейбіт өмір сүруге мүмкіндік беру мақсатында жасалды. Олардың арасында төлқұжат жоғалтқандар бар. Ал балалардың көп бөлігі ДАИШ бақылауындағы аймақтарда дүниеге келген. Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелер операция барысында консулдық құқықтық және логистикалық қолдау көрсеткен болатын. Енді оңалтуға назар аударып, қайтып келген әйелдер мен балаларды қайта әлеуметтендіру кезеңі басталды», - деп айтты СІМ орынбасары.
Вице-министрдің айтуынша, қайтарылған азаматтардың террористік іс-қимылдар мен заңсыз жауынгерлік әрекеттерге қатысы дәлелденген жағдайда заңнамаға сай қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев Сириядан қайтарылғандардың арасында 16 ер мен төрт әйел адам ДАИШ қарамағында террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын айтты.   
«Қайтарылғандардың Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Атырау, БҚО, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан. Олар өз еркілерімен туған жеріне оралу шешімін қабылдағандар және шетелдегі іс-қимылдары үшін қылмыстық жаза алуға дайын. Қазақстанға келген соң 16 ер адам мен төрт әйел ДАИШ қарамағында террористік іс-қимылға қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Олар Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Шымкент қалаларына қылмыстық істерді тергеу мақсатында жіберілді. Оларды тұтқындау туралы шешім шығарылды. Қалған 55 әйел балалармен бірге Ақтау маңындағы арнайы бейімдеу орталығына  бір айға орналастырылды. Медициналық тексеру жүргізіліп жатыр, карантин жарияланды. Олармен қосымша психолог, теолог, ҮЕҰ өкілдері жұмыс істеп жатыр. Құжаттары мен жеке куәліктері қалпына келтірілуде», - деп айтты Рахымбердиев. 
Оның айтуынша, бейімдеу орталығына жатқызылғандардың да террористік іс-қимылдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қатысы жоғы анықталса карантин аяқталғаннан кейін әйелдер мен балалар бұрынғы тұрған жерлеріне жіберіледі.
http://stan.kz
13 мамыр 2019 ж. 690 0