Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігер Ауыпбаев Кәмшаттың клипіне қатысты: Әр адам миында не болса, соны көрсетеді

Жігер Ауыпбаев Кәмшаттың клипіне қатысты: Әр адам миында не болса, соны көрсетеді

Әнші Жігер Ауыпбаев әріптесі Кәмшат Жолдыбаеваның су жаңа бейнебаянына қатысты пікірін білдірді. 

Әріптесінің бейнебаянының тек үзіндісін ғана көрдім деген Жігер Ауыпбаев әріптесінің "жаңалығына" көңілі толмайтынын айтты. Ашық-шашық киімі мен мағынасыздығын сынға алды. Ауыр сөздер айтып мін тақпаса да, жұқалай ойын жеткізді. 
"Қазір Рамазан айында біреуге ауыр өз айтып, сыртынан ғайбаттағың келмейді. Оның үстіне бір жерде жүрген әріптестер болғандықтан ертең көрісетін адамдармыз. Сондықтан ауыр сөз айтқым келмейді. Бірақ бұлай бейнебаянға түсуді қолдамаймын. Мұның дұрыс емес екенін, сын айтылатынын, жалаңаш шығуға болмайтынын, ерсі екенін өздері де біледі. Қазақтың қызына қырық үйден тыйым дейді ғой. Әркім миында бар нәрсенің жемісін жейді. Бұрын темекі шегіп, ішімдік ішіп тұрған қызды көрсем, тоқтатып ақыл айтатынмын. Қазір олай етпеймін. Себебі ертесі өзің жаманатты болып жүресің", - деді Жігер Ауыпбаев. 
Бұл ойды Бағдат Сәмединова да қостады. 
"Етегін ашып, күлін шашып" дейді ғой қазақ осындайда. Жалпы әр қыздың етек-жеңін ата-анасы жинап жүру керек қой. Мен де қыздарымның жүріс-тұрысына, киіміне қарап отырам. Бір үйдің иесі болып отырса да, ашық-шашық жүрмеуін қалаймын. Қазақпын деген ата-ана өз баласын қалай ашық-шашық жүруге тәрбиелейді, соны түсінбеймін", - деді ол.
Ал, Жазира Байырбекова "сын айта алмаймын, бірақ Кәмшаттың батылдығына таңғалам" деп қысқа қайырды.
21 мамыр 2019 ж. 1 684 0