Жігер Ауыпбаев «Меломен» тобының жігіттеріне ренжулі екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. Осыдан үш жыл бұрын жеке шығармашылығына бет бұрған әнші мен экс-әріптестерінің арасындағы шиеленіс әлі де шешілмеген. Жақында өткен ән кешіне Жігерді арнайы қонақ ретінде шақырған «Меломендіктер» концерттің телевизиялық нұсқасында Жігер мырзаны неге көрсетпей қойғанын айтты.