Қазақстандықтар емі үшін 32 мың доллар жинаған алматылық бойжеткен отадан соңғы бет-жүзін көрсетті
Қазақстандықтар алматылық бойжеткен Мадина Иманғожанова үшін 32 мың доллар жинап берді. Бойжеткен Кореяда қымбат операция жасатып келді.
14 мамырда Мадина үйіне қуанышпен оралды. Кореяда дәрігерлер бойжеткенге төрт сағаттық операция жасады. Олар Мадинаның күлкісін қайтара алды. Қазақстандықтар бойжеткеннң отасы үшін 32 мың доллар жинады.
"Достар, әріптестерім менің отадан соңғы бет-жүзімді көріп таңғалды. Әлі де ісік бар. Одан кейін түзелетін шығар деп ойлаймын. Бұлшықет үйрену үшін уақыт керек. Менін денсаулығым үшін алаңдаған, ота жасауға ақша жинаған әрбір жанға алғысым шексіз. Ота алдында отандастарым маған хабарласып, сәттілік тілеп жатты", - дейді бойжеткен.
Мадинаға 2012 жылы бет-жүзінің невриті деген диагноз қойды. Осыдан соң күйзеліске түскен ол жұмыстан шығып кетті. Кейін бұдан шығудың жолын іздеп, қазақстандықтардан көмек сұрады. Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген бойжеткеннің еміне 1 млн теңге бөлді.