Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік жобалар платформасына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Әлеуметтік жобалар платформасына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үшжақты ынтымақтастық «ASAR» ІІІ республикалық форумы шеңберінде әлеуметтік жобалар платформасына өтінімдер қабылдау мерзімін 2019 жылдың 31 мамырына дейін ұзартады. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады. 

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «АСАР» үшжақты ынтымақтастық ІІІ Республикалық форумы шеңберіндегі әлеуметтік жобалар сайысын жариялағандығын еске саламыз. 
Платформаға қатысуға жергілікті қауымдастықты дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге тұрғындардың әлеуетін тартуға және осы аймақтардағы өмір деңгейін көтеруге бағытталған жобалар шақырылады. 
Платформа келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 
ЕСО-ASAR (қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелерді шешуге, халықты экологиялық мәдениетке баулуға және өсіп келе жатқан буынның экологиялық мәселелер жайында білім деңгейін көтеруге бағытталған жобалар);  
IT-ASAR (сандық жүйеге көшіру арқылы жергілікті қауымдастың мәселелерін шешуге бағытталған жобалар);  
INCLUSIVE-ASAR (инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жобалар).
Платформаға қатысу үшін 2019 жылдың 31 мамыры күнгі сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен) asar@cisc.kz электрондық поштасына қосымшаға сәйкес өтінімді қазақ/орыс тілінде жіберу қажет. 
Өтінім көрсетілген формаға сәйкес толтырылады және өтінімге міндетті түрде слайд (10 бетке дейін), бейнеролик (ұзақтығы 3 минутқа дейін), инфографика (5 данаға дейін) түріндегі презентациялық материал тіркелуі тиіс. 
Барлық өтінімдер жиналғаннан кейін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының онлайн алаңында ашық жарияланымда болады және кәсіпкерлер арасында таратылады. 
Барлық туындаған мәселелер бойынша анықтаманы Азаматтық бастамалар орталығының мына телефонынан ала аласыз: 8 (7172) 22 11 32, mukhameganova@cisc.kz
Платформаға қатысу бойынша толығырақ ақпаратты Әлеуметтік жобалар платформасының ережесінен таба аласыз.
https://baq.kz
27 мамыр 2019 ж. 685 0