Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мың теңге жәрдемақы үшін: Шымкентте ажырасуға өтініш беретін ерлі-зайыптылар көбейген

21 мың теңге жәрдемақы үшін: Шымкентте ажырасуға өтініш беретін ерлі-зайыптылар көбейген

Шымкенттік соттарға түсетін ажырасу туралы өтініштердің легі толастар емес. Көптеген көбалалы отбасының ажырасуға бел бууының себебі – атаулы әлеуметтік көмекті алу.

Шымкентте көпбалалы аналар сот ғимараттарына ағылып, ажырасуға өтініш беруде. Ал әкелер мемлекеттен көмекке қол жеткізу үшін, балаларынан бас тартуда. Қаладағы Еңбекші аудандық сотының судьясы олардың мұндай әрекетінің себебін түсіндіріп берді. 
«Адамдар ажырасып, әкеліктен бас тартуда. Аптасына 10-15 өтініш түседі. Біз олармен сөйлесіп, көбісінің мақсаты атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу екенін анықтадық. Әкеліктен бас тарту процесі қайтымсыз екенін түсіндіреміз. Сонда ғана жартысынан көбі өтінішін қайтарып алады», - дейді судья Қайрат Ізбасаров. 
Айта кетсек, елімізде 21 мың теңгелік атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініштер 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қабылдана бастады.
30 мамыр 2019 ж. 638 0