Қоластындағы қызметкерінің қылмысы үшін министр жұмысынан кетпек
ҚР Ұлттық экономика министр Руслан Дәленов Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің экс-директоры Асланбек Жақыповқа қатысты сот шешімі күшіне ене салысымен отставкаға кететінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bnews.kzсайтынының ақпаратын негізге ала отырып.
"Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өз еркіммен қызметтен кетемін", - деді министр.
Журналистер жабыла қойған сұрақтарына жауап берген министр бұл бірінші көшбасшының моральдық міндеттемесі екенін қадап айтты.
Еске салайық, 29 мамырда Есіл аудандық соты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповқа қатысты шешім шығарды. Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
2019 жылдың сәуір айында Экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің экс-директоры Асланбек Жақыпов 500 мың теңге ақшалай сыйақы алып жатқан қылмыс үстінде тұтқындалған еді.
https://www.qamshy.kz