Меркінің табиғаты туризмді дамытуға сұранып тұр
Жамбыл облысындағы Меркі ауданының керемет табиғаты туризмді дамытуға қолайды. Мұнда қазақстанның барлық аймақтарынан демалушылар келіп ем алады
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков мәлімдеді.
«Аймақта сыйымдылығы 236 орындық 9 қонақ үй және «Тұран» атты демалыс аймағы келушілерге қызмет көрсетеді. Мұнда 38 монументалдық, сәулеттік және құрылыс ескерткіштері бар. Радонды сумен емдеуге арналған 430 орындық «Меркі шипажайы» мен 100 орындық «Ақ ниет» сауықтыру кешенінің меркіліктер мен еліміздің басқа өңірлерінен келген туристерге есіктері ашық», - деді ол.
Спикердің сөзіне қарағанда, Меркі ауданында 2017 жылдан бері туризм саласы бойынша 2 жоба іске асырылған екен. Алдымен жеке кәсіпкер Б.Байдалықызы «Көккөл» аумағында жобалық құны 50 миллион теңгені құрайтын туристерге арналған демалыс және спорт кешенін іске қосқан. Онда мейрамхана, заманауи үлгідегі фитнес зал және бассейн бар. Келесісі, құны шамамен сол соманы құрайтын, жеке кәсіпкер А.Түйтебаеваның «Space yurt» демалыс орны. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында былтыр ашылған екі қабатты үш нысанның құрылысы ағаш бөренелермен жүргізілген. Демалыс орнының аумағында «Панда саябағы» да орын тепкен.
Айта кетейік, өткен жылы Меркі ауданында Қазақстан туристік ассоциациясы өкілдерімен эко және агро туризмді дамыту бойынша 3 бизнес треннинг ұйымдастырылды.
https://baq.kz