Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алла сонда залым ба еді?

Алла сонда залым ба еді?

Дін адамдарды қорқыту үшін емес қайта өмірге деген үмітін ояту үшін, жан-дүниесін жылылыққа бөлеу үшін келеді.
"Қатты-қатты сөйлесең мұсылман діннен шығады" деген осы. "Өлесің, құрисың, тозаққа түстің сен, өртенесің, жанасың, шаян шағады, жылан шығады, айдаһар жұтады, отта лаулап жанасың, Алла сені үйтіп жібереді, бүйтіп жібереді" деген толған уағыздар.
Содан тыңдап отырып ойлаймын: "Сонда Алла не адамдарды осылай қорқыту үшін, отқа жағу үшін, азаптау үшін жаратып па? Алла сонда залым ба еді?
Астапыралла. Сонда Алланың қанша күнәң болса да кешіремін дегенін, мейірімі мен рақымы ананың баласына деген рақымынан, мейірімінен әлде қайда жоғары екендігін қайда қоясың?
Әй, уағызшы молда! Сен мың уағыз айтып сол уағызыңнан жүз мың адам дінге келсе бірақ бір адам ұстап тұрған дінінен безетін болса, Алланы залым санайтын болса онда сенің ақыретіңнің қараң болуына жетіп асады. Бүкіл жиғаның далаға кетеді.
Пайғамбарлар адамзатты шошыту үшін келген жоқ. Дінді әсіресе уағызды ғалымдар емес нағыз тақуалар және ақыретке басын тіккендер айтады. Айта алмайсың ба тыныш жүру керек, нең бар ақыретіңді қорлап, елді діннен бездіріп, Алладан бездіріп. Халық әбден шаршады осындай қаттылықтан, діннен безіп жатыр қаншамасы. Сабақ бер, Құран үйрет, лекция оқы, әдеп айт, көмір тасы, жүкші бол, көше, мешіттің, оқудың алдын сыпыр.

02 маусым 2019 ж. 770 0